СУПЕРДЕБЮТ: Мбаппе «Реал Мадрид» сапындағы алғашқы голын соқты Sergei Gapon

Француздық шабуылшы алғашқы жеңісін тойлады

25 жасар француздық форвард Киллиан Мбаппе мадридтік "Реал" сапындағы алғашқы ойынында гол соғып, команданы жеңіске алып келді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

УЕФА Суперкубогы аясында корольдік клуб жасыл алаңда "Атланта" ойыншыларымен кездесті. 

Мбаппе өзінің соққысын Джуд Беллингемнің ассистының көмегімен ойынның 68-ші минутында соқты. 

Айта кетейік, Мбаппенің жылдық жалақысы 30 миллион еуроны құрайды.