"Реал Мадрид" Мбаппені ресми таныстырды (видео) David Ramos/Getty Images

Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» ойыншысы

Бүгін, 16 шілдеде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе испаниялық "Реал Мадрид" клубының жаңа футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Футболшыны таныстыру жиыны Мадридтегі (Испания) «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. AS басылымының мәліметінше, Мбаппені көруге 80 мыңға жуық жанкүйер келген.

«Мен бұл клуб үшін жанымды салып ойнаймын. Осы ретте кішкентай балаларға кеңес айтқым келеді. Мен бала күнімнен осы клубта ойнауды армандадым және арманым бүгін орындалды. Бір ғана кеңесім бар: еңбек пен құлшыныс арқылы барлық мақсатыңа болады. Сендер де күндердің бір күні осы жерде болуларың мүмкін. Қазіргі сәтте қатты толқып тұрмын. Мен арманымдағы клубтың және футбол тарихындағы ең үлкен команданың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деді Мбаппе.

Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» клубымен 5 жылға келісімшарт жасасты. Ол мадридтік клубта 9-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.