Биылғы олимпиадаға 980 млн теңге бөлініп, оның 635 млн теңгесі оқу-жаттығу жиындарына кетті.
Ал 345 млн теңге жарыстарға қатысуға, 11 әлем чемпионаты, 26 Азия біріншілігі және 92 халықаралық жарысқк қатысу үшін жұмсалған,-деп хабарлайды dopmedia.kz
"Париж Олимпиадасында ұлттық құрама спортшылары киетін арнайы спорттық форманың үлгісін бекіту үшін арнайы комиссия құрылды. Оны анықтау екі кезеңнен тұрды. Соның нәтижесінде Health&Sport ЖК мен “Эксклюзив студио” ЖШС жеңімпаз деп танылып отыр. Бұған кеткен шығындардың барлығы демеушілердің есебінен төленді", - деп жазылған министрлік дерегінде.
Сонымен қатар, Олимпиадада нәтижелі ойын көрсетіп, жүлдеге ие болған спортшыларға мемлекет тарапынан келесі тізімдегідей қаржылай сый-сияпат беріледі:
1 орын – 250 мың АҚШ доллары (118 млн теңге)
2 орын – 150 мың АҚШ доллары (70 млн теңге)
3 орын – 75 мың АҚШ доллары (35 млн теңге)
4 орын – 30 мың АҚШ доллары (14 млн теңге)
5 орын – мың АҚШ доллары (4,7 млн теңге)
6 орын – мың АҚШ доллары (2,3 млн теңге)