Швецияның Бастад қаласында өтіп жатқан ATP 250 теннис турнирінің негізгі тізіміне шыққан қазақстандық қос теннисші де екінші айналымға шықты
Жекелей сында еліміздің төртінші және жетінші ракеткасы Денис Евсеев пен Тимофей Скатов бұған дейінгі іріктеуден сәтті өткен болатын,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Олар негізгі кезеңнің бірінші айналымында жеңіске жетті. Евсеев француз теннисшісі Александр Мюллерді (әлемдік рейтингте 103-орын) 7:5, 7:5 есебімен екі сетте де басым түсті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда испаниялық Роберто Карбалес-Баенамен (54) кездеседі.
Скатов жапондық Таро Даниэльді (90) 6:7 (7:9), 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ойсырата түсті. Енді ол екінші айналымда үшінші орын алған голландиялық Таллон Грикспурмен (27) бақ сынасады.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)