«Париж-Сен-Жермен» франциялық шабуылшы Киллиан Мбаппеге 100 миллион евро төлеу керек
Киллиан Мбапеннің анасы және агенті Файза Ламари франциялық клубтың ұлына бонус ретінде 100 миллион евро төленуі керек болғанын мәлімдеді. Бұл туралы dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
"Бүгін Килианның мадридтік "Реал" сапында ойнап жүргені тек "Монаконың" ғана емес, сонымен қатар "ПСЖ" футбол клубының да арқасы. Оларға алғысымыз шексіз. Себебі, франциялдық клуб ұлымның 18 жасында сенім артып, оның кәсіби ойыншы ретінде қалыптасуына қыруар ақша бөлді. Меніңше, Киллиан да алғысын білдіріп, клуб үшін терін төкті. Менің ұлым ешқашан өтірік айтпаған. Ол үнемі "ПСЖ" төрағасына күндердің бір күнінде «Реалға» ауысатынын айтып жүретін. Әрине, мұндай жағдай сөз жүзінде емес, іс жүзінде басымызға келгенде бәрі қиындай түседі. Егер, "Мадридтен" басқасы ұсыныс тастаса, Килиан Парижден кетпес еді», - деді Ламари.
Сонымен қатар, Ламари париждік клубтың ұлына әлі 100 миллион евро қарыз екенін атап өтті.
"Біз клуб тарапынан қазір ғана хат алдық. Шешім әлі қабылданады. Егер шарамыз қалмаса, сотқа жүгінуге тура келеді"
Француздың шабуылшының анасының ойынша, «ПСЖ» Мбаппемен 2 жыл бұрын жасасқан келісімшартын толық ұстануы керек.