ПАРИЖ-2024: Ақсақалдар олимпиадашыларға батасын берді Түркістан облысы әкімдігі

Бокстан ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі спортшысы бар

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркістан облысы, Төле би ауданындағы «Алма Тау» спорт базасында төртжылдықтың басты бәсекесіне қорытынды дайындықтарын пысықтауда,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов  спорт базасына арнайы барып, боксшылармен жүздесті.

Спорт түрлері арсында бокс ерекше орынға ие. Қайсар мінезді қазақтың жігіттері жоғары шеберлігі және талантымен көзге түсіп келеді. Жастардың да бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары. Тәуелсіздік алғанан бері Қазақ боксшылары 7 олимпиада ойындарына қатысып, бокстан күміс пен қоланы қоспағанда 7 алтын медалға қол жеткізді. 3 спортшымыз Олимпиаданың үздік боксшысы атанды. Биыл бас бапкер Мырзағали Құланұлының тәжірибесі мен жеке бапкерлердің және спортшыларымыздың талмай еңбек етуінің нәтижесінде команда Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысады. Құрметті спортшылар! Олимпиадалық дәстүрлер мен сіздердің шеберлік деңгейлеріңізді ескере отырып, олимп шыңын бағындыру қолдарыңыздан келеді деп сенемін «Вэл Баркер» кубогын 4-ші рет Қазақстанға алып келу сіздерге бұйырсын. Туған елімізге жүлдемен оралуларыңызға тілектеспін! – деді Еркеғали Әлімқұлов.

Бокстан ұлттық құрама сапында Түркістан облысының екі спортшысы бар. Олар – Сәкен Бибосынов және Мұхамедсабыр Базарбайұлы. Түркістан облысынан аттанған 5 спортшыға облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Төлеби ауданының ақсақалдары, ел ағалары батасын беріп, ақ жол тіледі.

 

    Көп оқылды: