Қазақ қызы бокстан үшінші рет Ресей чемпионы атанып, 1,5 млн рубль сыйақы алды Фото: instagram.com/medenova_s1

Қазақ қызы бокстан үш дүркін Ресей чемпионы атанды

Этникалық қазақ Салтанат Меденова бокстан үшінші рет Ресей чемпионы атанды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Омбы облысының намысын қорғаған Салтанат Меденова 81 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Ол финалда краснодарлық Анастасия Демурчяннан басым түсті. 

"Әлем чемпионы Анастасия Демурчянмен өткен финалдық жекпе-жек ең ауыр айқастың бірі болды. Психологиялық жағынан біраз қиындыққа түскенімен, рингке шыққаннан кейін жеңілдеп сала бердім. Анастасияның менің салмағыма өткенін білдім. Сондықтан оған дайындалдым. Мен үш дүркін Ресей чемпионы атандым. Тезірек үйге жетіп, туыстарымды, анамды құшақтағым келеді", – деді Меденова. 

Ресей біріншілігіне 48 өңірден 172 спортшы қатысты. Бірінші орын иегерлеріне 1,5 млн рубль (7,5 млн теңге), екінші орынға 250 000 рубль (1,2 млн теңге), ал үшінші орынға 125 000 рубль (631 мың теңге) сыйақы берілген. 

Салтанат Меденова осымен үшінші мәрте Ресей чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ ол биыл халықаралық БРИКС ойындарында алтыннан алқа таққан болатын. 

    Көп оқылды: