Алексей Луценко жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін.
Алексей Луценко "Тур де Франс" турнирінің 17-кезеңін тізе жарақатына байланысты аяқтай алмаған еді. Осының салдарынан велошабандоз Париж Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды dopmedia.kz
"Алексей Луценко жарақат алып, қазіргі уақытта олимпиадалық веложарысқа қатысатын қазақстандық спортшылар арасында ауыс-түйіс болып жатыр. Алексей Луценконың орнына жекелей сында Евгений Федоров өнер көрсетеді. Бастапқы уақытта Алексей Луценко жекелей және топтық сында өнер көрсетуі керек болса, енді ол тек топтық сындағы бәсекеге ғана қатыса алады. Ал Федоров екі бәсекеде де өнер көрсетеді. Оның үстіне, Алексей Луценко топтық сындағы жарысқа дейін қалпына келеді деп сенейік", - деді Аян Төлеген Telegram желісіндегі ресми арнасында.
Айта кетейік, Қазақстан командасының көшбасшысы Алексей Луценко үшін бұл мансабындағы екінші Олимпиада болмақ. Ол бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысып, топтық жарыста 21-орын, ал жекелей сында 32-орынға ие болған
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?