«Астана» баскетбол клубы сапынан Дмитрий Гаврилов кетті
«Астана» баскетбол клубының ойыншысы Дмитрий Гаврилов команда сапынан кететін болды, деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дмитрий «Астана» сапында 2016 жылдан бастап өнер көрсетіп, клубтың құрамында ұзақ өнер көрсеткен баскетболшы және «Астана» тарихындағы ең танымал ойыншылардың бірі болды. Дмитрий клуб құрамында жеті рет Қазақстан чемпионы атанды алты рет Қазақстан кубогын алды және бір рет Батыс Азия Суперлигасының (2023) және ФИБА Азия чемпиондары Кубогының(2017) қола жүлдегері атанды», — делінген клуб хабарламасында.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?