СЕНСАЦИЯ: Париж олимпиадасына 9 миллонға жуық билет сатылды AI

Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды.

Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлады. Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады.Бұл туралы dopmedia.kz хабарлайды. 

Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған. 

«8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деді Макконелл

Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 ​​шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.