Perazzi Cup: Қазақстан стенд атудан 6 медаль жеңді sportx.kz

Қазақстан стенд атудан АҚШ-тағы турнирде алты медаль жеңіп алды

Біздің спортшылар екі алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 

Богдан Конченко жасөспірімдер арасындағы Perazzi Cup турнирінде екінші, Анастасия Прилепина үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Конченко Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды.А  санатындағы турнирде Асылхан Айсалбаев алтын алса, В санатында Анастасия Прлепина күміске иелік етті. Сонымен қатар, Наргиза Сарманова қола медаль иеленген.