Олимпиадада ең алғашқы жүлдені еншілеген қазақстандық спортшылар
Франция астанасы Парижде өтетін XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Бұл байрақты бәсеке егемен еліміздің тарихындағы сегізінші Олимпиада саналады. Осыған байлаысты Dopmedia.kz тілшісі бұған дейінгі Жазғы Олимпиада ойындарында алғаш болып ел қоржынына жүлде салған спортшыларға шолу жасады.
Атланта Олимпиадасы – 1996
Бұл додада грек-рим күресінен Юрий Мельниченко ел қоржынына жүлде сыйлады. Ол бұл Олимпиадасында алтыннан алқа таққан болатын.
Сидней Олимпиадасы – 2000
Сиднейде өткен байрақты бәсекеде велошабандоз Александр Винокуров алғашқы жүлдені жеңіп алды. Велошабандоз бұл Олимпиадада күміс медальге қол жеткізді.
Афина Олимпиадасы – 2004
Афина төрінде өнер көрсеткен Сергей Филимонов ауыр атлетикадан ел қоржынына жүлде салды. Ол өз салмағында күміс жүлдені еншіледі.
Бейжің Олимпиадасы – 2008
Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында балуан Нұрбақыт Теңізбаев грек-рим күресінен сынға түсіп, күміс жүлдеге қол созған.
Лондон Олимпиадасы – 2012
Лондонда өткен бәсекеде жарыстың бірінші күні велошабандоз Александр Винокуров жеңіске жетіп, алтыннан алқа таққан болатын.
Рио Олимпиадасы – 2016
Риода алғашқы жүлдені дзюдодан Галбадрах Отгонцэцэг еншіледі. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Токио Олимпиадасы – 2021
Токио Олимпиадасында алғаш болып жүлдеге қол созған дзюдошы Елдос Сметов болды. Ол байрақты бәсекеде қола жүлдені еншіледі.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бұл бәсекенің де алғашқы күнінде дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 кг) мен Елдос Сметов (60 кг) жүлдеге таласады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?