"Қайрат" құрамы әлем чемпионатының ширек финалисімен толығуы мүмкін kazfootball.kz

«Қайрат» футбол клубы тәжірибелі қорғаушыға көз тігіп отыр

33 жастағы ресейлік қорғаушы Марио Фернандес алматылық "Қайрат" футбол клубының құрамын толықтыруы мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марио Фернандес бұған дейін Ресей құрамасында доп тепкен (33 матч, 5 гол). Ол мансабының негізгі бөлігін мәскеулік "ЦСКА" құрамында өткізді. Соңғы маусымда ойыншы "Зенит" сапында доп тепті. Сондай-ақ футболшы Ресей құрамасы сапында 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалға дейін жеткен.

Қазіргі уақытта қорғаушы еркін агент мәртебесінде жүр. Беделді Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 1,5 миллион еуроға бағалайды.