Футболдан Өзбекстан құрамасы тарихи рекордқа қол жеткізді
Футболдан Өзбекстанның олимпиадалық құрамасы Париждегі байрақты бәсекеде дебют жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
С тобының бірінші туры аясында Испания мен Өзбекстан құрамалары кездесіп, испаниялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойында Өзбекстан құрамасы рекорд орнатты. Матчтың 45+3-минутында Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов гол соқты. Бұл Өзбекстанның Олимпиаданың футбол турниріндегі алғашқы голы саналады. Яғни италиялық "Рома" клубының ойыншысы Эльдор Шомуродов – Өзбекстанның Олимпиаданың футбол бәсекесінде гол соққан алғашқы футболшысы.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы футбол турнирі 10 тамызға дейін жалғасын табады.
-
13 қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама еншісінде 144 медаль, оның 44-і алтын
-
13 қыркүйек, 2024
Құсбегіліктен өткен жарыстың жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпар мен көк бөрі ойындары алып тасталыну ұсынылды
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар