Рыбакинаның Олимпиададағы алғашқы қарсыласы анықталды Jimmie48 Photography, WTA

Қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды

Бүгін Ролан Гаррос стадионында теннистен Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жекелей сында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы кезеңде румыниялық Кристиан Жаклинге қарсы кездесу өткізеді.

Юлия Путинцева Украина елінің теннисшісі Марта Костюкпен ойнайды

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ теннисшісі Тэйлор Фрицке қарсы шеберлік байқасып көрсе, Александр Шевченко чехиялық Якуб Меншикпен кездеседі.

Ал жұптық сында Бублик/Недовесов (Қазақстан) жұбы аустралиялық Попырин/Де Минаурға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, теннис бәсекелері 27 шілде мен 4 тамыз аралығында топырақ төсенішінде әйгілі Ролан Гаррос стадионында өтеді.