Қазақстандық теннисші ресми түрде мәлімдеме жасады
Юлия Путинцева Франциядан тікелей бейнеролик жолдады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz
«Өкінішке қарай, менің жайсыз жаңалығым бар. Париждегі Олимпиада ойындарынан бас тартуға мәжбүрмін. Уимблдон турнирінде алған тізе жарақатым әлі күнге дейін денсаулығымды мазалауда. Біз федерациямен, бүкіл командамызбен қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. Бүкіл реабилитациядан өттік. Бірақ, ойдағыдай қорытындыға жете алмадық.
Уимблдон кезінде тіземнің айналасындағы екі сүйегімнің ісігені мен бурсит аурулары анықталды. Күнделікті физиотерапиялар, мезотерапиялар алғаныммен тізем әлі ісіп тұр. Тізем ойынға дайын емес.
Ұлттық құраманы ешқашан қиын жағдайда қалдырмаған едім. Қанша турнир мен ойын болса да, бірінен қалмай алаңға шығатынмын. Ұлттық құрама сапында қандай сүйіспеншілікпен ойнағанымды бәрі білетін шығар. Бұл- мен үшін үлкен мәртебе. Билли Джин Кинг Кубогы кезінде де ең көп жүлдені мен әкелген болатынмын.
Бірақ, қазір өкінішке қарай тіпті алаңға шыға алмай тұрмын. Қатты жаныма батып тұр. Командадан, федерациядан және жанкүйерлерден шын жүректен кешірім сұраймын. Расымен, маған оңай емес»,-деді Путинцева.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?