Елдос Сметов – тәуелсіз Қазақстан тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы
Франция астанасы Парижде өтііп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының дзюдодан ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесіндегі бәсеке аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесуде қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов пен франциялық Лука Мхедзе белдесті. Тартысқа толы кездесуде Елдос Сметов франциялық дзюдошыдан басым түсті. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды.
Елдос Сметов алғашқы айналымда нидерландтық спортшысы Торнике Цякадоеаны, екінші айналымда украиналық Дильшот Халматовтан басым түсті. Ширек финалда қазақстандық дзюдошы тайпейлік Янг Юнг Вейді сан соқтырса, жартылай финалда испаниялық Франциско Гарригостан айласын асыра білген
Айта кетейік, Елдос Сметов бұған дейін екі Олимпиада цикліне қатысқан. 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс еншілесе, 2021 жылғы Токио Олимпиадасында қолаға қол жеткізген болатын.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?