Қазақ балуаны әлем чемпионына есе жіберіп қойды Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images. Суретте: балуан Әлішер Ерғали

Әлішер Ерғали жартылай финалға жолдама ала алмады

Еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық кездесуін өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалдық кезеңде сынға түсті. Әлішер Ерғали Бахрейн елінің балуаны Ахмед Тажудиновпен белдесті.

Егер Ахмед Тажудинов финалға өтіп жатса, Әлішер Ерғали қола медаль үшін жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алады.

Ахмед Тажудинов 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ ол Азия чемпионатында екі мәрте алтын жүлде (2023, 2024) еншілеген.