28 шілдеге арналған Олимпиададағы жарыс кестесі gov.kz

Олимпиаданың екінші алтынына қол соза аламыз ба?

Бүгін, 28 шілдеде Франция астанасы Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар сынға түседі. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Бүгін дзюдо және шпагамен семсерлесу (ерлер) бойынша қазақстандық спортшылар Олимпиада жүлдесіне таласады. Сондай-ақ үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады. Бұдан бөлек Қазақстан тұңғыш рет бадминтоннан шеберлік байқасады.

28 шілдеге арналған жарыс кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

11:30. Бадминтон. Топтық кезең

Дмитрий Панарин (Қазақстан) – Кента Нишимото (Жапония).

12:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (әйелдер)

Арина Алтухова және Александра Ле.

12:36. Академиялық ескек есу. Жекелей сын (ерлер). Жұбаныш жарысы

Владислав Яковлев.

13:00. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

Вадим Шарлаимов – Гарри Санер (Оңтүстік Африка)

13:00. Дзюдо.

Ғұсман Қырғызбаев – Давид Гарсиа Торне (Испания). 66 кг.

Медаль үшін белдесулер сағат 19:00-де басталады.

14:15. Оқ ату (пневматикалық мылтық, 10 метр). Іріктеу (ерлер)

Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский.

14:48. Бокс. 1/8 финал (ерлер)

Айбек Оралбай – Олайтан Адам Олаор (Нигерия). 92 кг.

15:00. Теннис. Ерлер. 1-айналым

Александр Шевченко (Қазақстан) – Якуб Меншик (Чехия).

15:50. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

Руслан Құрбанов – Хусам эль Корд (Марокко).

16:40. Шпагамен семсерлесу. Жеке қылыш (ерлер). 1/16 финал

Эльмир Әлімжанов - Луиджи Мидельтон (Франция).

Қола медальдар үшін жекпе-жек 00:20-да өтеді. Финал 01:15 (29 шілде).

18:46. Бокс. 1/16 финал (ерлер)

Асланбек Шымбергенов – Зейяд Ишаиш (Иордания). 71 кг.

19:50. Бокс. 1/16 финал (әйелдер)

Назым Қызайбай – Джордана Соррентино (Италия). 50 кг.

    Көп оқылды: