Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалдық кездесуін өткізді
Париж Олимпиадасының ерлер арасында 66 кг дейін салмақ дәрежесінде өтіп жатқан жартылай финалдық бәсекеде Ғұсман Қырғызбаев бақ сынады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бразилиялық Виллиан Лимамен белдесті. Қос дзюдошы негізгі уақытта бірін-бірі ала алмай, белдесу "голден скорға" ұласты. Қосымша уақытта бразилиялық дзюдошы отандасымыздан айласын асырып кетті.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)