Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің Олимпиададағы нәтижесі қандай?
Франция астанасы Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні басталды. Қазіргі уақытта Орталық Азия елдерінің спортшылары төрт медаль жеңіп алды. Қазақстан үш медальды еншілесе, Өзбекстан бір медальға қол жеткізді, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақстан: дзюдо мен ату спортындағы жетістіктер
Қазақстанға алғашқы алтын медальды дзюдошы Елдос Сметов алып келді, ол финалда Франция дзюдошы Лука Мхеидзені жеңді. Бұл жеңіс Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш жеңіс саналды.
Пневматикалық винтовкадан (10 м) аралас командалық сайыста Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың бірінші күнінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын. Қазақстан командасы тағы екі қола медаль еншіледі. Дзюдодан Ғұсман Кыргызбаев 66 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Өзбекстан: дзюдодан тарихи алтын жүлде
Өзбекстанға алғашқы алтын медальды дзюдошы Диера Келдиерова алып келді, ол финалда косовалық Дистрию Красничиді жеңді. Бұл медаль Өзбекстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын медаль болып саналады, бұл өзбек халқы үшін ерекше жетістік.
Орталық Азиядағы басқа елдердің нәтижелері
Өкінішке қарай, Олимпиаданың алғашқы күндері жарыс жолына шыққан Қырғызстан мен Тәжікстанның дзюдошылары жүлдегерлер санатына қосыла алмады. Дегенмен, алдағы күндері бұл елдердің спортшылары жүлдеге ілігуі әбден мүмкін.
Париж Олимпиадасындағы медаль кестесі
1.Жапония (6 алтын, 2 күміс, 4 қола)
2.Франция (5 алтын, 8 күміс, 3 қола)
3.Қытай (5 алтын, 5 күміс, 2 қола)
...
12.Қазақстан (1 алтын, 2 қола)
15.Өзбекстан (1 алтын)
Орталық Азия елдерінің Олимпиадаға аттандырған атлеттерінің саны
Орталық Азия елдерінен Олимпиада ойындарына 2019 спортшы қатысуда. Ең көп спортшыларды Өзбекстан алып келді – 90, одан кейін Қазақстан – 80, Түрікменстан – 19, Қырғызстан – 16, Тәжікстан – 14 спортшы.
Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады. Орталық Азия спортшылары алдағы уақытта өз жанкүйерлерін жаңа жетістіктерімен қуантады деп сенеміз.