«Барселонадан» жағымсыз хабар келді Фото - Getty Images/Global Images Ukraine

Нико Уильямстың тағдыры не болмақ?

«Барселона» футбол клубы Испания ұлттық құрамасының шабуылшысы және  «Атлетико Бильбао» футбол клубының ойыншысы Нико Уильямспен келісімсөз жүргізу күннен күнге қиындап баратынын ашық айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

AS дереккөзінің мәліметінше Никоның «Барселонаға» ауысыуына кедергі келтіріп отырған оның отбасы мен «Атлетико Бильбао» клубы.

Биылғы маусымда Нико тіпті «ПСЖ» клубының ұсынысынан бас тартып, «Атлетико» сапында тағы 1 жылға қалатын көрінеді.