Футболдан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы жасақталды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жаттықтырушылар штабында қандай мамандардың қызмет атқаратыны анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Станислав Черчесовпен бірге бұған дейін Ресей ұлттық құрамасында қызмет атқарған мамандар енді Қазақстан ұлттық құрамасын баптайтын болады. Олар:
Владимир Паников – бас бапкердің ассистенті;
Стауче Гинтарас – қақпашылардың жаттықтырушысы;
Паулино Гранеро – физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы;
Эдуард Цгоев – дәрігер.
Ал қалған медициналық, әкімшілік ұжым еш өзгеріссіз өз жұмысын одан әрі жалғастыра түседі.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Ұлттар лигасы аясында алғашқы матчтарын өткізеді.