Қазақстандық триатлоншы Олимпиада ойындарынан кейін пікір білдірді
Париж Олимпиадасы аясында триатлон жарысының велоспорт кезеңінде Екатерина Шабалинаның денсаулығы сыр беріп, Олимпиада ойындарын аяқтауға мәжбүо болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Триатлет жүзу кезінде басына бірнеше рет соққы алғанын айтады. Өкінішке қарай, мұны төрешілер байқамаған.
«Төрешілерге жүзу кезінде болатын төбелестерді бақылау өте қиын, көрмей қалып жатады. Мен кеше басмнан бірнеше соққы алдым, салдарынан суға қақалып, бірнеше рет жұтуға тура келді. Содан мәреге жеткенге дейін жүрегім айнып, велосипед жарысында құсып жібердім», - дейді спортшы.
Айта кетейік, бұған дейін Сена өзенінің тазалығына қатысты Олимпиада қатысушылары мен тілшілер тарапынан күмән туған болатын. Алайда, Франция президенті Эмануэль Макронның өзі өзенге келіп, түсіп кеткен екен.