Қазақстан мен Өзбекстан: ширек финалға өткен боксшылар саны бойынша кім алда? Фото ашық дереккөзден

Ширек финалға жолдама алған боксшылар саны бойынша тартыс

Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалына бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы сапынан төрт спортшы жолдама алды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ширек финалда ел намысын қорғайтын боксшылар:

Сәкен Бибосынов (51 кг)

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг)

Нұрбек Оралбай (80 кг)

Айбек Оралбай (92 кг)

Өзбекстан құрамасы сапынан әлі бірде-бір боксшы жеңіліс таппаған, толық құраммен ширек финалға өтті. Қазақстан мен Испания екінші орынды бөлісіп отыр (4 боксшы).

Франция мен Кубадан үш боксшы 1/4 финалдық кезеңіне өтті.

Доминикан Республикасы, Аустралия, АҚШ, Болгария, Әзірбайжан және Бразилиядан екі спортшыдан қатысады.

Ал Замбия, Кабо-Верде, Филиппиндер, Қырғызстан, Жапония, Канада, Венгрия, Таиланд, Грузия, Дания, Иордания, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Хорватия, Украина, Бельгия, Ирландия, Тәжікстан, Италия, Германия, Эквадор және Армения елдерінен бір спортшыдан ширек финалда бақ сынайды.