«Астана» футбол клубының капитаны Абзал Бейсебеков алдағы ойынға қатысты ойымен бөлісті
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мен "Астана" футбол клубының капитаны Абзал Бейсебеков алдағы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін "Астана" - "Милсами" ойынына қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz
– Өте маңызды ойын болады. Әрине, оң нәтижеге жету үшін барымызды көрсетуге тырысамыз. Еуропада кез келген команда ұйымдасқан түрде ойнауды біледі, бірақ біз өзімізге сенімдіміз және тек жеңіске ұмтыламыз.
– Жақында «Астана» сапында 400-ойыныңыз өтті.
– Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені «Астананы» туған клубым деп айтуға болады. Алла қаласа 500-матчқа жетеді.