Олимпиада: бүгін қазақстандық спортшылар жүлдеге таласады fotocdn.net

2 тамызға арналған Олимпиададағы жарыс кестесі

Париж Олимпиадасының жетінші күні қазақстандық спортшылар жеті спорт түрінен бақ сынайды. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды. 

2 тамызға арналған жарыс кестесі (Астана уақыты бойынша):

12:30. Стенд ату. Трап, іріктеу (ерлер)

Эдуард Ещенко.

13:15. Жеңіл атлетика. Биікке секіру, іріктеу (әйелдер)

Надежда Дубовицкая және Елизавета Матвеева.

13:00. Дзюдо. 1/16 финал (әйелдер)

Камила Берліқаш – Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия). 78+ кг.

14:00. Жүзу. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша іріктеу (ерлер)

Әділбек Мусин.

16:30. Семсерлесу. Командалық шпага (ерлер)

Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов.

Финал 22:30-ға жоспарланған.

20:22. Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан).80 кг.

21:00. Батуттық гимнастика. Іріктеу (ерлер)

Данил Мұсабаев.

Финал 22:50-ге жоспарланған.

23:32. Бокс. 1/8 финал (әйелдер)

Карина Ибрагимова – Эшлионн Лосада Мотта (Пуэрто-Рико). 57 кг.

00:20. Бокс. 1/4 финал (ерлер)

Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан). 51 кг. 

    Көп оқылды: