Иван Дычко қазақ боксшыларының жеңілісінің себебін түсіндірді
Олимпиада ойындарында екі мәрте қола медаль еншілеген Иван Дычко қазақ боксшыларының жеңілісі туралы, оларға пайдасы жоқ жаттығулар тізімін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sportarena.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Менің түйгенім, оқу-жаттығу жиынында команда мүшелері тым көп жүктема алып қойған. Жақында 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы Эфе Аджагбамен өткізген жекпе-жегімді қарап шықтым. Әрине, ол кездесуде жеңіске жеттім. Бірақ оңайға соқпаған. Өйткені сол кезде қайта-қайта жаттығу жасай бердік. Ешқандай тың күш болған жоқ. Бокстасқан кезде энтузиазм жетіскен жоқ. Осы жолы Париж Олимпиадасына қатысты пікір білдірген сарапшылардың сұхбатын оқығанда үшінші раундта жігіттердің шаршап қалатынын айтқан. Содан түсінгенгенім біздің боксшылар тым артық жаттығу істеп, әбден зорығып қалған.
Бұл жолы да сол менің жаттығуыма ұқсас болған секілді. Қызық естілуі мүмкін, бірақ жүктемені азайту керек. Боксқа қатысы жоқ элементтерді алып тастау керек. Мысалы, 15 шақырымдық кросстың қажеті шамалы. Боксшыларға пайдасы тие бермейді. Үш сағат тауға шығу деген керек емес. Өзім қайсысынан қиналғанын айтып отырмын. Соның бәрі маған кесірін тигізді. Жалпы физкалық жаттығуларға қарағанда арнайы дайындық пен төзімділікке көбірек көңіл бөлу керек", – деді Иван Дычко.
Айта кетейік, кеше, 22 тамызда Иван Дычко ProboxTV-дің кезекті шоуы аясында Плант-Ситиде (Флорида штаты) өткен бокс кешінде америкалық Крейг Льюисті жеңген болатын.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?