Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің екінші айналымында Чехия спортшысы Катерина Синякованы үш сетте ұтып, жарыстың келесі айналымына өтті.
Путинцева алғашқы сетті 6:0 есебімен қарсыласына ешбір мүмкіндік бермей сәтті жапты. Кейін, чехиялық Синякова бір брейк жасап доданы үшінші айналымға созды. Жалпы есеп 6:0, 4:6, 6:2. Бұл Путинцеваның көгал төсенішіндегі қатарынан жетінші жеңісі.
Путинцеваның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек пен Петра Мартич арасында өтетін матчта анықталады.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?