Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері пікір білдірді
Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау команданың әлем чемпионатындағы ойынына қорытынды жасап, құрамадағы үздік ойыншыларды атап өтті, деп Dopmedia.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл сұраққа өте мұқият қарауымыз керек, себебі біз елді қорғауға шешім қабылдаған кезде, автоматты түрде туған жерімізде ойнаудан бас тартамыз. Ал бізді қабылдаған және отбасымызға жақсы өмір сыйлаған елді таңдаған кезде, бұл алғыс білдіруіміз керек. Өзім туралы айтсам, мен Қазақстанда 11 жыл жұмыс істедім, сондықтан мен ол елді Бразилиядан артық жақсы көремін. "Неге Какау осылай дейді?" - деп сұрасаңыз, мен сізге жауап бере аламын. Мен Қазақстанда барлық кубокты жеңдім – ойыншы ретінде де, бапкер ретінде де. Дәл осы ел менің табысқа жетуіме барлық мүмкіндікті сыйлады, сондықтан мен әрқашан Қазақстанды өз елім деп айтып келемін, сол елдің туын қорғап, құрметтеймін. Қазақстанның әнұраны ойнағанда, мыңдаған шақырым жерде болсам да, ерекше сезімге бөленемін. Сол себепті Игита, Дуглас және Лео бұл елді нағыз қазақтардай сүйеді және өз өмірлерін осы халық үшін арнайды", - деді Какау.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)