AI спортшылардың жеке парақшаларына бақылау жүргізеді
Жасанды интеллект Олимпиада спортшыларының психологиялық жағдайына қамқорлық танытып, оларға жолданатын хейтті бұғаттауда. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, ақылды зерде көмегімен 15 мыңға жуық спортшының парақшасы бақыланады.
Олимпиадашы тарапына жолданған хейт сөздер мен жағымсыз пікірлер сарапталып, бірден өшіріледі екен.
37 тілде қызмет атқаратын жаңа жүйе құқықбұзушылық әрекеттерді тіркеген жағдайда қылмыстық іс қозғалып, кінәліні жауапқа тартады.