УЕФА Конференция лигасы: "Астананың" келесі қарсыласы кім? fcastana.kz

«Астана» еурокубоктың келесі кезеңінде кіммен ойнайды?

"Астана" футбол клубының УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Елордалық клуб келесі кезеңде румыниялық "Корвинул" клубымен кездеседі, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

"Корвинул" клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде хорватиялық "Риеке" клубына қос матч нәтижесінде жеңілді. Румынияда өткен алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталса, Хорватиядағы жауапты матчта "Риеке" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 12-минутта Деян Петрович соқты.

Айта кетейік, бұл жұптың жеңіліске ұшыраған командасы "Астана" клубына қарсылас болып түсті. "Астана" УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде молдавиялық "Милсами" клубын жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алған еді. Сырт алаңда өткен алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталып, Алматыда өткен жауапты матчта "Астана" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 49-минутта Марин Томасов соқты.