"Челси" Қазақстанға келе ме: отандық клубтардың еурокубоктағы жағдайы қандай? Darren Walsh/Chelsea FC via Getty Image. Суретте: "Челси" футбол клубының ойыншылары

Бүгін қазақстандық клубтардың еурокубоктағы келесі қарсыластары белгілі болады

Бүгін, 5 тамызда, Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңінің іріктеу жеребесі өтеді. Бұл кезең топтық кезеңге шығу үшін соңғы іріктеу кезеңі болып саналады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Жеребе тарту рәсімі 17:00-де басталады. Астаналық және шымкенттік клубтармен қатар, қазақстандық футболшы Рамазан Оразов өнер көрсететін даниялық «Силькеборг» клубының келесі қарсыласы белгілі болады.

«Ордабасы» және оның ықтимал қарсыластары

«Ордабасы» чемпиондар жолында жеребеге қатысады, сондықтан олардың ықтимал қарсыластары аз болады. "Ордабасыға" Еуропа лигасының үшінші іріктеу раундының қорытындысы бойынша жеңілген командалармен кездеседі. Мысалы, бұл командаларға «Динамо» (Минск), «Маккаби» (Тель-Авив), словениялық «Целе» және басқа да бірнеше клубтар жатады.

Бірінші кезекте, «Ордабасы» үшінші іріктеу раундында армениялық «Пюникпен» кездеседі. Қос матч 8 тамызда Алматыда, 15 тамызда Ереванда өтеді.

«Астана» және оның ықтимал қарсыластары

«Астана» румыниялық «Корвинулдан» басым түсее (8 тамызда қонақта, 14 тамызда Алматыда), төртінші раундта негізгі іріктеу жолы арқылы жеребеге қатысады. Сондықтан, бұл кезеңде «Астана» лондондық «Челси», италиялық «Фиорентина», испаниялық «Бетис» және франциялық «Ланс» секілді мықты клубтармен кездеспейді.

«Астана» бұл кезеңде «Тоболды» қапыда қалдырған «Ружомберок» немесе «Санкт-Галлен» секілді командалармен кездесуі мүмкін.
УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне шығу үшін қазақстандық клубтарға әлі екі қарсыласты жеңу керек.