Қазақстандық атлет Олимпиада ойындарына қатысты пікір білдірді
Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының өкілі Нора Джеруто Олимпиада-2024 ойындарындағы турнирге қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Джеруто жеңіл атлетикадан финалдық кезеңге дейін жетіп, 3000 шақырым қашықтыққа жүгіру сынында сүрініп қалған болатын. Ол жалпы 15 орынның 10-шы орынына жайғасты.
"Мен жеке рекордымды жаңарттым. Декреттен шығып, жаттығуға оралғаныма тек 6 ай өтті. Мен барлық білдірілген қолдау үшін қазақстандықтар мен федерацияма алғыс айтқым келеді. Олимпиада жақсы өтті. Жаман емес. Келесі турнирлерде жоғары нәтижеге көрсетуге тырысатын боламын",- деді Нора