АҚШ Ұлттық құрамасының спортшысы қола медальдың сапасыздығына тоқталды
АҚШ Ұлттық құрамасының скейтбордшысы Найджа Хьюстон Олимпиаданың қола жүлдегері атанғаннан кейін, медальдың сапасына қатысты наразылығын білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
29-жасар Хьюстон қола медальды алғаннан кейін бірнеше аптадан соң сапасы күрт нашарлай бастағанын жеткізді.
"Бұл Олимпиада медальдарына енді ғана қол жеткізген сәтіңде мінсіз болып көрінеді. Аздап терлеген денемнің үстінде бірер сәт тағып, достарыма ұстатқаннан кейін сапасы күрт нашарлай бастады. Меніңше, медальдардың сапасын жақсарту керек секілді",-деді спортшы өз әлеуметтік желісінде.