Қазақстандық спортшы мансабының болашағына қатысты мәлімдеме жасады
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы, Олимпиада-2024 ойындарының алтын жүлде иегері Елдос Сметов болашақ мансабына қатысты мәлімедеме жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Сметовтың айтуынша, ол спорттағы мансабын әрі қарай жалғастырып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін білдірді.
Қазір жасым 31-де. Енді 32-ге де келемін. Келесі Олимпиадада жасым 36-ға толады. Егер мүмкіндік болса, неге бақ сынасып көрмеске? Әзір осындай шешім қабылдадық,-деді спортшы.