18 жастағы қазақстандық таеквондошы әлем чемпионына қарсы тұра алмады olympic.kz. Суретте: таеквондошы Батырхан Төлеуғали

Батырхан Төлеуғали екінші кездесуінде жеңіліс тапты

Париж Олимпиадасы аясында таеквондодан Батырхан Төлеуғали 80 кг салмақ дәрежесінде ширек финалға жолдама ала алмады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

1/8 финалдық кезеңде Батырхан Төлеуғали әлемнің екі дүркін чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесті. Алғашқы раундта қарсыласы 6:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 3:1 есебімен басым болды.

Нәтижесінде, Алессио жалпы жеңісті иеленіп, ширек финалға өтті. Егер италиялық спортшы финалға дейін жететін болса, Батырхан Төлеуғали үшінші орын үшін күресу мүмкіндігіне ие болады.