Қара қыз қазаққа Олимпиада жүлдесін сыйлай ма екен? Hannah Peters/Getty Images. Суретте: жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей

Дэйзи Джепкемей бүгін финалдық кезеңде сынға түседі

Бүгін, 9 тамызда Париж Олимпиадасында Қазақстан атынан жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей 10 000 метр қашықтыққа жүгіруде финалдық кезеңге қатысады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Жарыс Астана уақытымен 23:57-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін Джепкемей 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысында өнер көрсетіп, финалға шыға алмаған болатын. Ол өзінің іріктеу жарысында 12 спортшының ішінде 10-орынды иеленді. Бірақ, 10 000 метр қашықтықта биылғы маусымда ол өзінің мансабындағы ең үздік көрсеткішіне қол жеткізіп, 30:52.43 нәтижесін көрсетті. Қазіргі уақытта Джепкемей әлемдік рейтингте 62-орында тұр.

Дэйзи Джепкемейдің спорттық мансабына көз жүгіртсек, ол 2012 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, 2013 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдесін, сонымен қатар сол жылы Африка чемпионатының жастар арасындағы алтын және күміс медальдарын жеңіп алған.

Дэйзи 2022 жылдан бері Қазақстанның атынан сынға түсіп келеді.

    Көп оқылды: