«B-boy» Амирдің Олимпиададағы қарсыласы анықталды Ашық дереккөзден алынған

Брейкингтен Қазақстан құрамасының өкілі ертең жарыс жолын бастайды

Брейкингтен Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Закировтың қарсыластары анықталды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz 

Ол Париж Олимпиадасын D тобында бастайды.

Отандасымыз ертең кешке Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі брейкерлермен бақ сынасады. Ал Әмір халықаралық деңгейде «B-boy Amir» атымен танылған.