Қазақстан боксына үлкен өзгерістер енгізіледі
Қазақстан Бокс Федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі», - деді Шахмұрат Мүтәліп Qazsport арнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы екі Олимпиада ойындарында алтын медальдан құр қалуда.
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?