Бокстан Алжир ұлттық құрамасының боксшысы Иман Хелиф прокоратураға шағым түсірді
Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері, алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж прокуратурасынан өзінің желіде қудалауға тап болғанына қатысты тергеу жұмыстарын бастауды талап етті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі AFP басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
“Боксшы Иман Хелиф әділдік, абыройы мен намысы үшін күреспек. Тергеуден кейін бұл мизогинистік, нәсілшіл және сексистік кампанияның артында кім тұрғанын анықтаймыз”, – деп жазды спортшының адвокаты Набиля Буди.