ҚР Спорт және Туризм министрлігі Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысты баяндама әзірледі
Қазақстан жалпыкомандалық есепте Олимпиаданы 43-ші орынмен тамамдап, спортшыларымыз 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен елге оралды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz
«Екі аптадан аса уақытқа жалғасқан Париж Олимпиадасы мәресіне жетті. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада ел қоржынына Олимпиаданың алтыны да, күмісі де, қоласы да түсті. Осындай ауқымды спорттық іс-шарада жүлде алып, жанкүйерлерді қуанышқа бөлеген барлық спортшыны табысты нәтижесімен құттықтаймын. Әрине, спортшыларымыздың бұдан да тәуір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндігі болды. Дегенмен, Токио Олимпиадасындағы нәтижеден сабақ алып, Парижде жетістігімізді жақсарта алдық. Төрт жылдан кейін АҚШ-та өтетін келесі Олимпиадада бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, биылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының 78 атлеті 25 спорт түрінен сынға түскен болатын.
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақтар көкпардан қырғыздарды төбелесіп жеңді
-
12 қыркүйек, 2024
Қазақстандық садақшылардың триумфы: Қоржынымызда 6 медаль бар
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындары: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
-
12 қыркүйек, 2024
Көшпенділер ойындарының төртінші күні қалай өтті?
-
11 қыркүйек, 2024
Ордодан 7 мемлекет сынға түседі