Қазақстандық боксшы шетелдік спортшыларға қатысты пікір білдірді
Бокстан Лондон-2012 Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Серік Сапиев сырт алаңда ел намысын қорғайтын шетелдік спортшыларға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек.
Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», - деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.