Рамазан Оразов «Силькеборг» сапындағы алғашқы голы туралы пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасы мен даниялық «Силькеборг» клубының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов «Раннерс» командасына соққан алғашқы голы туралы пікір білдірді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
«Бүкіл команда үшін, оның ішінде мен үшін де бұл өте жақсы ойын болды. Бірінші таймда бізге қиын болды, өйткені көптеген матчтарды ойнап жатырмыз. Алғашқы голымды соққаныма өте қуаныштымын. Бұл командада болғаныма бақыттымын. «Мольде» командасымен болған матчтан кейін бізге оңай болған жоқ. Дегенмен, командадағы барлық адам, оның ішінде бапкерлер мен директорлар мені қолдады. Алға қойған мақсаттарымызға бірге жету үшін алаңда 100 пайыз беріліп ойнауды жалғастырғым келеді. Біз чемпионатта бірінші орында тұрмыз. Жұмысымызды жалғастырамыз. Гол туралы айтатын болсам, допты қақпашының үстінен асырғым келгені әу бастан ойымда болды», – деді Оразов клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Рамазан Оразов «Силькеборг» клубымен 2024 жылдың шілде айында келісімшартқа отырды. Қазіргі таңда клуб 4 турдан кейін 9 ұпаймен екінші орында тұр.