Александр Седнев шымкенттік клубтың басшылығынан кетті.
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Еурокубоктағы жолын аяқтады. Қазақстандық команда армениялық «Пюникке» 2:0 есебімен есе жіберіп, жеңіліс тапты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Осы орайда, команданың бас бапкері Александр Седнев лауазымды орнынан кететінін мәлімдеді.
"Мені апта сайын жұмыстан қуады. Мен кетемін. Бұл шешім ойынға дейін саналы түрде қабылданған болатын. Командаға өзгеріс еңгізілу керек. Бұл жерде жүргеніме төрт жыл болды. Сол себепті тәуекел етуге хақым жоқ. Қазір чемпионаттың көшін бастап тұрмыз және команда жанкүйерлердің үмітін ақтайтынына сенімдімін",-деді Седнев.
Айта кетейік, былтыр «Ордабасы» Седневтің жетекшілігімен Қазақстан чемпионы атанған болатын.