Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйектегі ойындарға кеңейтілген құрамын жариялады kff.kz. Суретте: футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы

Кеңейтілген құрамға 36 футболшы енді

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қыркүйекте УЕФА Ұлттар лигасы аясында Норвегия (6 қыркүйек) мен Словенияға (9 қыркүйек) қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Сағадат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талгат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Александр Зуев, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (екеуі де – «Астана»);

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Айта кетейік, Станислав Черчесов бастаған бапкерлер штабы Максим Самородов пен Сағадат Тұрсынбайдың жарақатынан хабардар. Қазіргі таңда «Ахмат» және «Ордабасы» футбол клубтарының дәрігерлер штабымен тұрақты байланыста. 

Оқу-жаттығу жиыны 1 қыркүйек күні Алматы қаласында басталады. Нақты тізім кейінірек белгілі болды.

    Көп оқылды: