Дмитрий Парфеновқа басшылық жаңа міндеттер қойды
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Дмитрий Парфенов үшін шешуші сәт жақындап келеді, деп Dopmedia.kz хабарлайды
«Серый CARDINAL» Telegram арнасының мәліметіне сүйенетін болсақ, «Ақтөбе» басшылығы Парфенов алдына нақты міндет қойды – «Ордабасы» командасын сырт алаңда жеңу керек. Егер бұл талап орындалмаса, клуб басшылығы бапкермен қош айтысу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тіпті тең ойынның өзі чемпиондық титул үшін күресті қиындатады деп есептелуде.
Сондай-ақ, кеше, 19 тамызда кешкі жаттығу кезінде командаға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және «Ақтөбе» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Елеуов келді.
-
16 қыркүйек, 2024
Қазақ көкпаршылары Қырғызстанға бара ма: қазақтар жауап берді
-
16 қыркүйек, 2024
Қырғыз көкпаршылары қазақтарды өз жеріне шақырып жатыр
-
13 қыркүйек, 2024
Көкпардың арты “жұмыртқа дауына” ұласып кеткен жоқ па?