Боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын
Әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Ал осы мәселеге қатысты боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жауап берді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Telegram желісіндегі "Письма президенту" арнасында Жанқош Тұраровқа қатысты ақпарат жарияланған болатын. Онда спортшының қыз зорлау ісі бойынша күдікке ілінгені көрсетілген.
Ал осыдан кейін боксшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
"3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!", – деді боксшы Жанқош Тұраров Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.