«Қайраттың» экс-ойыншысы Роналдуның қасына кетті QFL

Мохаммед Конате «Эр-Рияд» клубында ойнайды

Қазақстандық «Қайрат» футбол клубының экс-ойыншысы Мохаммед Конате Сауд Арабиясының «Эр-Рияд» футбол клубына ауысты. Бұл туралы DopMedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Конатеның соңғы клубы Магомед Адиев жаттықтырған «Ахмат» клубы болды. Ресейлік клуб сапында Конате 13 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. 

Ал, Қазақстанда 2017 жылы ойнаған болатын.