"Алтын жігіт": чемпион атанаған боксшы бірден үй шаруасына кірісіп кетті (видео) Видеодан скриншот

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан үй шаруасына кірісіп кетті

Жуырда бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Төрехан Сабырханның үй шаруасын істеп жүрген видеосы жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Dopmedia.kz. 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Төрехан Сабырхан ат ерттеп, даладағы жұмыстарды атқарып жүргенін көруге болады. Желі қолданушылары оның қарапайымдығы мен тәрбиесіне тәнті болды. 

"Түзде мейлі кім бол, ата анаңның үйінде әрдайым қызметте болу керек! Ұлық болсаң кішік бол деген осы! Әр спортшымыз осындай тәрбиеде болса шіркін", "Құдай қаласа Олимпиада чемпионы бол", "Керемет тәрбие, тәртіп", "Алтын жігіт қой", "Өте қарапайым, жарайсың", "Осындай тәрбие берген ата-анасына рақмет", "Ауылдың қарапайым баласы. Әрқашан да осындай қарапайым, кішіпейіл бол", - деп жазды желідегілер. 

Еске салайық, Төрехан Сабырхан Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында кубалық Давид Эспиноcа Сантояны жеңіп, 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ әлем біріншілігінің үздік боксшысы атанды.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ.

    Көп оқылды: